Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Н.Назарбаев Ауғанстандағы жағдай туралы айтты

AstanaTV
29.09.2021ж. 20:00
1078
Н.Назарбаев Ауғанстандағы жағдай туралы айтты

Елордада Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда аймақтық қауіпсіздіктің экстремизм мен терроризм сын-қатерлеріне қарсы тұру мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев бұл тақырыптың өзектілігі Ауғанстандағы оқиғалардың дамуына байланысты шиеленісе түскенін баса айтты.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бұл жағдай Орталық Азиядағы өзгерістердің катализаторына айналғанын, тәуекелдер мен қатерлерді ашатынын атап өтті. Осыған байланысты аймақтық қауіпсіздік тетіктерін қайта қарау қажет деді. Жиын барысында Елбасы ұлттық мүдделерді қорғауға бағытталған бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Аймақтық қауіпсіздіктің алдында тұрған жаңа міндеттер, қорғаныс қабілетін нығайту үшін одан әрі шаралар қабылдау қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан армиясы қазіргі заманға сай әскери стандарттарға жауап беру керек. Әскери қауіпсіздік саласында барлық негізгі құжаттар бекітілді.

Ең бастысы - біз қабылдаған барлық шешімдердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету.

А. Данияр