Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордада жасөспірімдер мен ересектер арасында бокстан іріктеу чемпионаты басталды

AstanaTV
29.09.2021ж. 20:00
1053
Елордада жасөспірімдер мен ересектер арасында бокстан іріктеу чемпионаты басталды

Елордада жасөспірімдер мен ересектер арасында бокстан іріктеу чемпионаты басталды. Шара қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен спорт одағының ұйымдастыруымен өтуде.   Толығырақ тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады.

Жауаптылардың айтуынша, дәстүрлі чемпионат биыл  белгілі бапкер  Қайрат Мергенұлының 60 жылдық мерейтойына арналған. Спортшылар түрлі салмақта бақ сынауда. Шаршы алаңға шығуға ниеттілер саны жүзден асады.

Оралбек ӘБДІҚАДЫРОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:


Осы жарыста финалға жолдама алдым. Қарсыласым осал болған жоқ. Әрбір бой қиын болады өзі. Былтыр өзім чемпионат Қазақстанда финалист болдым. Бірнеше дүркін чемпион қазақстан болғам. Әрбір спортшының арманы олимпиада. Олимпиаданың жеңімпазы болу. Біздің де арманымыз сол.


Іріктеу  чемпионаты бас қалада  жыл сайын ұйымдастырылады. Спортқа енді   қадам басқан  спортшылар үшін бұл -үлкен мүмкіндік. Бағы мен бабы келіскен  жастар ірі жарыстарға осы жерден жолдама алады.

Самат ЕРҒАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бірінші және үшінші орын алған спортшылар елорданың ұлттық құрама командасына кіреді. Алдағы уақытта халқааралық және республикалық  деңгейдегі жарыстарда біздің елордамыздың намысын қорғайды.

Турнирде белгілі бапкер Қайрат Мергенұлына елорда әкімі Алтай Көлгіновтың құттықтау хаты табысталды. Спортшылар талай тарлан тәрбиелеген жаттықтырушыға жылы лебіздерін арнап, алғыстарын білдірді

Қайрат МАНАШЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:


Құрметтеп отырған барлық шәкірттерім мен ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Кезекті чемпионатты менің  мерейтойым құрметіне арнап отыр. Мен өмір жолымда талай шәкірттер тәрбиеледім. Талаптанып келген бірде-бір спортшының бетінен қаққан жоқпын. Бұл мен үшін естен кетпейтін сәттер. Ал нағыз бапкер үшін шыдамдылық басты орында болуы тиіс.

Айта кетейік, сайыс  жеңімпаздары республикалық, халықаралық додаларға жолдама алады. Сондай-ақ арнайы диплом, медальдармен марапатталады

Б. Сатуов