Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында қойшы ауылдасын атып өлтірді. 50 жастағы тұрғынның денесі Қасым Аманжолов ауылы маңайындағы жазықтан табылған.
Күдікті қылмысын мойындап, барлығын өзі баяндап берді. 35 жастағы қойшы ішімдік ішкен күйде мал баққан. Мұны байқаған ауылдасы ескерту жасапты. Екеуі сөзге келіп, малшы ауылдасын мылтықпен атып тастаған.
Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Ізін суытпай адам өлімі фактісіне қатысы бар деген күдікті 35 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Қылмыс құралы тәркіленіп алынды. Күдікті азамат уақытша қамау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
А. Қуаш