$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Nur Otan-ның" "Жол картасын" тиісті деңгейде жүзеге асырмаған маңғыстаулық шенеуніктер сөгіс алды

AstanaTV
30.09.2021ж. 20:00
1447
"Nur Otan-ның" "Жол картасын" тиісті деңгейде жүзеге асырмаған маңғыстаулық шенеуніктер сөгіс алды

Маңғыстау облысында бірқатар лауазымды тұлғаға "Nur Otan" партиясының "Жол картасын" тиісті деңгейде жүзеге асырмағаны үшін сөгіс жарияланды. Бұл туралы партияның облыстық филиалында өткен Саяси кеңес бюросының отырысында айтылды. Сөгіс алғандардың қатарында   аймақ әкімінің бірінші орынбасары, сондай-ақ бірқатар ауданның әкімі бар. Оларға жоспарланған жұмыстарды дұрыс бақыламағаны,   жүктелген міндетті тиісінше орындамағандары үшін партиялық жаза берілді.

Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Басқармалар, аудандар, қалалар арасында, облыс әкімдігі арасында кей жерлерде үйлесімдік жоқ, бірауыздылық жоқ. Мемлекеттік органдардың арасындағы байланыстың нашарлығынан орындалу деңгейін де төмен. Соны есмкере отырып  облыс әкімінің бірінші орынбасары Меңдібаевқа, Бейнеу ауданы әкімі Әбіловке, Қарақия ауданы әкімі Бековке сөгіс жариялаймын.

«Nur Otan» партиясының «2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында 112 жоба бар. Олар: аймаққа әлеуметтік нысандар салу, халықты жұмыспен қамту, жол, кәсіпкерлерді қолдау. Жобаның 41 орындалған. 6-уы орындалу сатысында. Тағы 6-уының орындалмай қалу қаупі бар.

Т. Оспанбаева