Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Түркістан облысында газ өлшеу станциясының құрылысы аяқталды

Түркістан облысында газ өлшеу станциясының құрылысы аяқталды

Түркістан облысында газ өлшеу станциясының құрылысы аяқталды. Заманауи озық технологиялармен жабдықталған ауқымды нысан «ҚазТрансГаз» ұлттық операторының бірегей жобасы. Мамандар енді  Өзбекстанмен арадағы алыс-берісте  көгілдір отынға қатысты мәселе туындамайды,- дейді. Ерекше жобаның тағы қандай артықшылығы бар? Әріптесім Айзада Төребекқызы тарқатады.

Бұл - «Жетісай» газ есептеуіш стансасы. Өнімділігі- сағатына 834 мың текше метр. Ауқымды нысан «Бұқара газды ауданы – Ташкент – Бішкек – Алматы» магистральдық газ құбырының 372 шақырымында  орналасқан. Ең соңғы заманауи жабдықтармен салынған стансаның басты нүктесі - газ өлшеу торабы. Мамандардың айтуынша,бұл- халықаралық стандарттарға сәйкес дүниежүзіндегі ең дәл есептеуіш.

Абай БАЙҚҰЛОВ, «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ «ШЫМКЕНТ» ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мұнда төрт струна, былайша айтқанда нитка. Әрқайсысының диамерті 400 дік. Мынау –газ өлшеу құралы. ЗИП деген фирма Германиялық. Бұл енді дүниежүзіндегі нөмірі бірінші өлшеу құралы болып есептеледі. Мұндағы өлшеу принципі ультрозвуковой дейді ғой, ультрозвуковой метод. Осы есептеуіштің ішінде төрт лазерлік луч өтіп жатқан потокты өлшеп, газдың көлемін нақты есептеп шығарып береді.

Екінші нысан -«Шардара» газ өлшеу станциясы. Салаға жауаптылар мұның да бірегей нысан екенін атап өтті. Айта кетейік, аталған қос станса да елде алғаш рет салынып отыр. Замануи құрылғылар Өзбекстан аумағынан «Интергаз Орталық Азияның» магистральдық газ құбырлары жүйесіне түсетін көгілдір отынды өлшеу дәлдігін береді.

Ернұр ИБРАЕВ, «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ «ШЫМКЕНТ» МГҚБ ДИРЕКТОРЫ:

Осы стансалар бойынша біз нақты газ жайында нақты мәлімет алып отырамыз онлайн режимде. Нақты химиялық құрамы дейді ғой сол түгел онлайн режимде алып отырамыз. Және ешқандай түсінбеушілік екі мемлекеттің арасында болмайды, именно газ өлшеу жағынан.


Газ өлшеу стансасы жеке жер учаскесінде орналасқан. Бірыңғай өндірістік кешенді салу барысында барлық құрылыс нормалары мен ережелері сақталған. Жарылыс және өрт қауіпсіздігі талаптарына да жауап береді дейді мамандар.  Сонымен қатар, газ өлшеу станцияларының қызметкерлері үшін мұнда вахталық қалашық бар. Онда жұмысшыларға жан-жақты  жағдай жасалған.

А. Төребекқызы