$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Батысқазақстандық полицей 4 миллион теңге айыппұл төлейді

AstanaTV
01.10.2021ж. 20:00
2034
Батысқазақстандық полицей 4 миллион теңге айыппұл төлейді

Құрылысшыларды бопсалап, үйін тегін салып алмақ болған батысқазақстандық полицей енді 4 миллион теңге айыппұл төлейді. Сот осындай шешім шығарды. Сондай-ақ оны капитан шенінен айырып, мемлекеттік қызметке орналасу құқығы шектелді. Облыстық соттың дерегінше Шыңғырлау ауданының жол полицейі ауылда үй салып жатқан жұмысшыларға қысым көрсеткен. Құрылыс материалын тегін беруді талап еткен. Тіпті кәсіпорынның арнайы техникасын ішкі істер бөліміне әкеліп, әкімшілік хаттама да толтырыпты. Егер дегеніне көнсе, құрылысқа кедергі жасамайтынын айтқан полицей алдымен құм түсірткізіпті. Мұнымен шектелмей, екі тонна цемент сұратады. Осылайша үйін тегін салып алуға тырысыпты. Бірақ заңды бұзған полицей алысқа ұзамады. Дегенмен сот оның үш баласы барын ескеріп, бас бостандығынан айырудың орнына қомақты айыппұлмен шектелді.

Нұргүл ҚАНАТБАЕВА, БҚО СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Шыңғырлау аудандық сотының үкімімен Ақнұров Мирлан пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол енді алған парасының 50 еселенген көлемінде айыппұл төлейді. Бұл - шамамен 3 миллион 950 мың теңге. Сонымен қатар ол енді мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.


Е. Карин