Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

150 адам Қытай елшілігінен виза ала алмай жүр

AstanaTV
22.08.2017ж. 20:00
2935
150 адам Қытай елшілігінен виза ала алмай жүр

Астанада Қытай елшілігінен виза алу мүмкін емес. Осылай деген тұрғындар арнамызға хабарласты. Олардың айтуынша, 150 адам бірнеше күннен бері кезекке тұрғанымен, визаға қол жеткізе алмай жүр. Құжатты тек санаулы адам ғана алып үлгерген. Олар елдің түкпір-түкпірінен Астанаға виза алу үшін келгендерін айтады. Ал елшіліктегілер кезектің жылжымау себебін түсіндірмеді дейді.

Шәріпхан Раусағитұлы, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны:

Ағам ауырып жатыр, туған ағам. Өмірі қыл үстінде. Соған баруға виза аштыра алмай жатырмын.

Әлімтай Әбусейіт, Өскемен қаласының тұрғыны:

Мұндағы басты себеп - туристік фирмалар. Туристік фирмалардан 20-30 адам келіп кіріп алады. Біздің балаларымыз бәрі қалып қойды. Біз жұма күні келдік осында. Жұма күні келдім, кезек ала алмадым. Кіре алмадым.

Ал Қытай елшілігіне хабарласқанымызда, виза алу үшін талаптар күшейтілгенін айтты. Бірақ оны тарқатып айтпады. Ал сұхбат беруден мүлдем бас тартты.