$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бірсыпыра аймақтар «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда ипотеканы қолдау жұмыстарын бастамай отыр - Б. Сағынтаев

AstanaTV
22.08.2017ж. 20:00
3064
Бірсыпыра аймақтар «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда ипотеканы қолдау жұмыстарын бастамай отыр - Б. Сағынтаев

Соңғы 7 айда "Нұрлы жол" бағдарламасына бөлінген қаражаттың 40 пайызы ғана игерілген. Бағдарламаны іске асырушылар жылдың екінші жартысында ғана "кимылдайтын" әдеттерін жалғасырып келеді. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр осылай деді.

Үкімет басшысы, президенттің Ақмола облысындағы жиында айтқан сын-ескертпелерін негізге алып, жұмысты жүйелендіруді қолға алмақ. "Нұрлы жер" бағдарламасы да ойдағыдай іске асып жатқан жоқ. Президент бағдарлама туралы халыққа ақпарат жетпей жатқанын, ал банктердің белсенділігі төмен екенін айтқан болатын. Бақытжан Сағынтаев Инвестиция және даму министрлігі мен "Бәйтерек" холдингіне және аймақ әкімдеріне 1 қазанға дейін мәселені шешу жолдарын ұсынуды тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Көптеген аймақтар әлі ипотеканы қолдап, құрылысшылардың қаржысын субсидиялайтын бағытта жұмыстар бастамаған да. Меншікті құрылысшылармен әлі жүйелі жұмыс құрылмаған. Екінші деңгейлі банктермен де жұмыс нашар жүріп жатыр. Қаржыны аймақтар арасында тең түрде емес, қалай болса солай бөлу жұмыстары да жалғасып жатыр.

Индустриалды-иновациялық даму бағдарламасы бойынша кейбір облыстарда 15 жоба тұралап қалған. Үкімет басшысы бұның себебін анықтап, өндіріске іске қосуды тапсырды. Премьер-министр мемлекеттік бағдарламалардың іске асу барысын министрлерге ай сайын бақылап, үкіметті құлағдар етуді жүктеді. Бұл әсіресе білім беру ошақтарына қатысты. Жаңа оқу жылы қарсаңында 50 мектеп ашылады деп жоспарланған.