Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордада көмір жоқ

AstanaTV
05.10.2021ж. 20:00
1282
Елордада көмір жоқ

Қылышын сүйреп қыс келіп қалғанымен, елордалықтар көмір таппай жүр. Тұрғындар күн суыта бастағалы қатты отын таба алмай әуре. Тіпті көмір қоймаларын күзетуге мәжбүр. Тапшылыққа не себеп? Жауаптылар не дейді? Толығырақ тілшіміз Бекболат Сатуовтың репортажында.

Қарбаласқан жұрт таң сәріден елордадағы қоймалардың алдында жүр. Күні бойы кезек күтседе үйлеріне бос қайтуға мәжбүр. Айтуларынша бар көмірді сатушылар жекелерге емес, ақшасын алдын-ала төлеген ұйымдарға тиеп жатқан көрінеді.

БЛИЦ:

- Қандай организация бар. Әй организация болса 20 вагонды акелсін.Бізді кіргізбесін таратып алсын организацияға. Содан кейін біздің көмірімізді кеп берсін.

 - Таңертең төртте келдік міне әле алғамыз жоқ. Бес-бес тоннадан беру керекқой.


Көмір қоймаларында отын бар. Олардың сапасы жоқ дейді бұқара. Тұрғындар Шұбаркөл мен Қаражыра кен орнынан өндірілетін отынды іздеп, шабылып  жүр.

Рақымбек, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына көмірді барғой ешқайда жаға алмайсың.Чисто асфальт мынау көрдіңізба.Мынау көмірдің ұсағын кім жағады мынаны. Әкелгесін дені дұрысын әкелу керекқой. Мынаны әкеліп жаңағы бізге халыққа көрсетеді например.Жоқ емес жетеді бізде деп.

Жылуы бар жанатын тасты жанталасып іздеп жүргендер қатарында көпбалалы ана Гүлнәр Қыдырниязовада бар. Алты баласының суық үйде дірдектеп отырғанына қарап отыра алмаған соң, күн сайын осында келіп, бірақ бос қайтып жүр.   

Гүлнәр ҚЫДЫРНИЯЗОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Вагонда көмір тұр бірақ сатпай тұр. Мен уже 6 бала-шағам үйде тоңып жатыр. Өздерінің көліктеріне ғана беріп жатыр. Біздерге жоқ. Ана алып-сатарларға ғана.Мен уже шаршадым.

Ал қаладағы қоймалардың қызметкерлері болса, мәселе тауардың аздығында деп отыр.

Жеңіс, САТУШЫ:

Аз кеп жатыр аз, бірақ халыққа жетпейді.

Дәулет ДАСТАНҰЛЫ, САТУШЫ:

Бізге келіп жатқан көмірлер қазір Қарағанды, Майкуба, Богатырь. Сол үш көмір келіп жатыр. Басқа көмірлер келіп жатқан жоқ. Шұбаркөлдер келіп жатқан жоқ мысалы.

Жауапты министрліктің сөзіне сенсек, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша көмір өндірісі жеткілікті.Тіпті өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалады. Тек аймақтарға жеткізу бойынша жоспардан тыс тапсырыстар мен өтінішітер қаралымы уақыт ұстайтынын айтады. Сондай-ақ мұндай кезде тасымалдау құны да мәселеге өз әсерін тигізбей қоймайды дейді.

Мирас ҚУАНТАЙ, ҚР ИИДМ ТЕМІР ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮК ТАСМАЛЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Темір жол нарығында вагондарды жалға беру ешқандай заңнамамен реттелмейді. Яғни кімнің иелігінде вагон бар, сол өзі қандай баға қойғысы келеді. Сол бағада жалға береді.Тапшылықтың бір себебі жаңағы бір күнге вагонды жалға беру суммасы. Соған байланысты біреуінікі арзан болады.Біреуінікі қымбат болады.Соған байланысты да кейде осындай жағдайлар туындайды.

Жауапты министрлік мәселені бақылауда ұстап отырмыз деумен шектелді. Қашан шешілетінін айта алмайды. Соған қарағанда халықтың қар түссе де көмірге қарық болатын күні алыстау секілді.

Б. Сатуов