Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Павлодарда RBK банкінің өңірлік филиал директоры балконнан секіріп, көз жұмды

Павлодарда RBK банкінің өңірлік филиал директоры балконнан секіріп, көз жұмды

Павлодарда RBK банкінің өңірлік филиал директоры, сегізінші қабаттан секіріп кетті. 49 жастағы әйел оқиға орнында тіл тарпастан көз жұмған. Полиция "өз-өзіне қол жұмсау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның бұл әрекетке баруына не себеп? Қызмектінің қатысы бар ма? Тілшіміз анықтап көрді.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Сұмдық оқиға марқұмның өзі тұрған көп қабатты үйде болған. Пәтерінің балконынан секірген келіншек бірінші қабаттағы дүкеннің үстіне құлап, тіл тартпастан көз жұмған.
 
Көршілері қайғылы жағдайды естіп, есеңгіреп қалғандарын айтады. Қайтыс болған әйелдің бұрын соңды оғаш қылығын байқамадық дейді.  

Полиция өз-өзіне қол жұмсау бабы бойынша іс қозғады.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

5 қазан күні таңғы сағат 07:13-те Бектұров көшесі 50/1 мекен-жайында орналасқан үйдегі дүкеннің үстінен 1972 жылы туған келіншектің мәйіті табылды. Сараптама жасалды. Ол үйдің 8-ші қабатынан секіріп, өз-өзіне қол салған.


Ал әріптестері бұған қатысты пікір  білдіруден бас тартты.  Тек қара жамылған отбасына материалдық   көмек көрсетілетінін айтты.

Виктория ШЕН, «RBK» БАНКІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

RBK банкінің ұжымы әріптесіміздің өмірден озуына байланысты оның жақындарына қайғырып көңіл айтады. Банк өлім себебін анықтау бойынша құзырлы органдармен бірлесе жұмыс атқаратын болады. Сондықтан банк тергеу аяқталғанша тексерілмеген ақпаратты таратпауларыңызды сұрайды.

Болған жағдайдың қызметке  қатысы бар ма, жоқ па, ол тергеу аяқталған соң анықталады. Марқұмның соңында 3 баласы қалды.  

Ө. Қуанар