Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ревакцинация қауіпті ме? - Министрліктің шешімі

AstanaTV
06.10.2021ж. 20:00
1626
Ревакцинация қауіпті ме? - Министрліктің шешімі

Елде 300-ден аса мектеп карантинге жабылды. Себебі, вирус жұқтырған балалар саны азаймай тұр. Бір айда 9 мыңнан аса оқушы індет жұқтырған. Сонымен бірге 12 жастан асқан жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге салынатын "Pfizer" екпесінің,  елге жеткізілетін күні белгілі болды. Министр, соңғы келісімшартқа қол қойдық, дейді. Америкалық ғалымдар жасаған препарат қазанда немесе қарашада қолжетімді болады деген жоспары бар.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Шамамен 4 миллион доза келеді деп жоспарланып отыр. Вакцина жылдың аяғына дейін  келеді. Әр өңірде минус 80 градусқа сай арнайы тоңазытқыш бар. Барлық егу пункті дайын. Айырмашылық тек температура мен сақтау режимінде. Қалғаны басқа екпелерден еш өзгешелігі жоқ.

Министр ревакцинация, яғни қайта екпе салу жайына да тоқталды. Мәселе ішкі иммундау комиссиясында қаралып жатқанын айтты. Десе де, оған асығудың қажеті жоқ деп отыр. Әлем бойынша да нақты жүйе қалыптаспаған, дейді. Кейбір елде 6, енді бірі 9 айға дейінгі уақытты ұстануда. Бұдан бөлек, Алексей Цойдың орынбасары жыл соңына дейін вакцина алғандар санын 11 миллиондай тұрғынға жеткіземіз деді.

А. Данияр