$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Көмір тапшылығы ушығып келеді

AstanaTV
08.10.2021ж. 20:00
1468
Көмір тапшылығы ушығып келеді

Көмір тапшылығы ушығып тұр. Отын таппай сабылып жүрген елордалықтар таңмен таласа кезек күтсе, қызылордалықтар көліктерінде түнеуге мәжбүр. Әріптесім Бекболат Сатуов тапшылыққа не себеп болғанын анықтауға тырысты.

Жұрттың көмір іздеп сабылып жүргеніне аптадан асты. Қызылордалықтар да көмір таппай даурығып жүр. Кезек күткендердің қарасы қалың. Тіпті көлікке түнеп жүргендері бар.

Молдабек ШЕГЕБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір аптадан асты, келем-кетем. Сонымен бүгін көмір келді дегесін тағы келіп едім. Тағы тұрмын очеред дейді. Көмір ала-алмай тұрмын.

Болатбай ИМАНҒАЛИҰЛЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін бізге тиейтін түрі жоқ Енді ертең ала-аламыз ба олда белгісіз. Осы жерде жатырмыз мына машинада. Екі күн болды жатқанымызға осы жерде.

Көмір қоймаларындағы кәсіпкерлер болса, отын аз келіп жатқанын айтты. Қара отынды халыққа жеткізе алмай отырмыз дейді.

Рустам ХАСАНОВ, КӘСІПКЕР:

Таусылды көріп отырсындар ғой. Ертеңге бір тоннадан алса жетеді. 5 тоннадан алса жетпейді ғой.

Жергілікті жауаптылар болса жағдай қалыпты дегеннен танар емес. Өздеріне шағым айтып келген жан жоқ көрінеді.

Ерлан ЖОЛАМАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Енді бүгінгі күнгі тұрғындарға қажетті отынның 70 пайызы жеткізілді. Мынау тұрғындар тарапынан ешқандай көмірді сатып алу бойынша наразылықтар түсіп отырған жоқ. Енді қосымша келе жатырған мынау бізге жалпы аптасына 7 мың мен 10 мыңнынң арасында көмір келеді.

Елордалықтардың да көмір таппай жүргеніне екі аптадан асты. Таңмен таласа кезек күткен көлік жүргізушілері бүгін тағы арнамыздан көмек сұрады.   

БЛИЦ:

 - Бар дегенге келсек дымда жоқ дейді. Бізге қаражар керек маған. Міне 3-4 күн болды іздеп жүргенімізге.

 - Көмір совсем жоқ. Қымбат. Қалай ол сезон уақытта. Жер үйде тұрамыз өзіміз.


Отын іздеп жүргендер негізінен Қаражыра мен Шұбаркөлді сұрайды. Шұбаркөл көмірін шығарушылар жағдайға қанық. Олар сұраныс артқанын жеткізді.  

Дамира КУЖАХМЕТОВА, "ШҰБАРКӨЛ КӨМІР" АҚ КОРПОРАТИВТІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Көмірдің тапшылығы бұл жылыту маусымы қарсаңында сұраныстың күрт артуымен байланысты. ERG құрамына кіретін кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр.Көмірді тиеу жасалған келісімшарттарға және осы бағытқа арналған жылжымалы құрамның болуына сәйкес жүргізіледі.

Көмірді жеткізетін вагондарда жеткілікті көрінеді. Теміржолға жауаптылар осылай деді.  

Нұржан КЕЛБҰҒАНОВ, "ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ" ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Осы қазан айында барлық вагондар беріліп жатыр, уақытында тиеліп жатыр.Қазан айында жалпы осы жеті күн ішінде проблема жоқ. Бізді алаңдататын мәселе ол осы жердегі автокөлік иелерінің жаңағы бір рейске 20-25 мың қостаны. Сонда көмірдің бағасы мына жерден 13 мыңға алып, оны үйге барғанша 18 мың теңге болып барады екен. Сол жерден тағы да бір құзыретті органдар тескеріс жасаса деген ойдамын.

Демек сұраныс артқан. Ал баға өспеген. Оны қымбаттатып отырған делдалдар болып тұр. Оларға тексеріс қашан жасалатыны белгісіз.  

Б. Сатуов