$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қарағандыда 200-ден астам көпқабатты үй көмір жағып отыр

AstanaTV
08.10.2021ж. 20:00
1225
Қарағандыда 200-ден астам көпқабатты үй көмір жағып отыр

Қарағандыда 200-ден астам көпқабатты үй тұрғындары 15 жылдан бері, көмір жағып келеді. Бұл үйлер орталық жылу қазандығына қосылмаған. Қысы ұзаққа созылатын Сарыарқа тұрғындары тапқан- таянғандарын көмірге жұмсайтындарын айтып налиды.

Пришахтинск ауданының тұрғындары тар пәтерде көмірдің иісі мен түтінінен әбден мезі болған. Оның үстіне көпқабатты үйге көмір тасу, күл шығару тағы бар. 20 жылдан бері осылай күнелтіп келеді. 90 жылдары бұл маңайдағы үйлердің жылу құбырлары талан- таражға түсіп, осындай күйге түскен.

Татьяна ЖУК, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көмірге қаншама ақша кетеді. 100-200 мың теңге жұмсайтындар бар. Оның үстіне қыс біткен соң мұржалар бос тұрады да, күзде от жаға бастаған кезде пеш тартпай үйімізді қара түтін басады. Әкімдік құрғақ уәдемен алдап келеді. 2021 жылы жылу тартамыз деген әлі жоқ.

Қарағанды қаласында 200ден астам көпқабатты үйдің тұрғындары пәтерлерінде пеш жағады.  Көпшілігі қала орталығы және Октябрь ауданында орналасқан. Жергілікті әкімдік болса, көгілдір отын тарту жұмыстарын жыл сайын жоспарлайды. Бірақ әлі күнге іске асырар емес. Айтуларынша ықшам аудандар бір- бірінен қашықта орналасқан.

Дәулет МАХАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ қ. ӘКІМДІГІ ТҮКШ СҰРАҚТАРЫН ҮЙЛЕСТІРУ БӨЛІМІІНҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Газдандыру бағдарламасы арқылы біртіндеп қаланы газ құбырлары арқылы жылыту жоспарланып отыр. Ол үшін өте көп қаржы қажет. Біз біртіндеп жобасын жасап жатырмыз. Қазіргі таңда орталықтағы Бобруйская көшесіндегі үйлерге модернизациялау бағдарламасы бойынша газ құбырлары тартылып жатыр.


Жергілікті әкімдік өкілінің айтуынша, қаладағы пеш жағып жылитын көпқабатты үйлер алдағы 3-4 жылда ғана газ құбырларына толық қосылуы мүмкін.

А. Қуаш