Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елорданың геоақпараттық орталығының цирфлық көшірмесі құрастырылды

AstanaTV
12.10.2021ж. 20:00
1471
Елорданың геоақпараттық орталығының цирфлық көшірмесі құрастырылды

Елорданың геоақпараттық орталығының цирфрлық көшірмесі құрастырылды. Айти мамандардың  айтуынша, электронды карта қаланы тиімді дамытуға зор үлесін қосады. Бұл платформа арқылы қазіргі таңда қаладағы 15 мың инженерлік желі цирфландырылды. 2D және 3D форматымен бейнеленгендер арасында ауруханалар, оқу орталықтары да бар. Сонымен қатар, Электрондық карта табиғи және техногендік жағдайларды да алдан ала байқауға мүмкіндік береді.

Елорданы қаласаңыз енді үйден шықпай, электронды карта көмегімен көруге болады. Бұл жаңашылдық Нұр-Сұлтанды толықтай 2Д және 3Д форматында көрсетеді. Сонымен қатар, ол шаһардағы салынып жатқан ғимараттарды және жақында ғана пайданалуға берілген құрылыс нысандарын қадағалайды.

Ботагөз ҚАСАБЕК, НҰР-СҰЛТАН қ. ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз цифрлық көшірмені қаладағы өмірді жақсартудың негізі етуді және ондағы барлық үрдісті модельдеуді жоспарлап отырмыз.

Жаңа жүйе табиғи және техногендік жағдайларды модельдеуге мүмкіндік бермек және қаладағы инфрақұрылымның жағдайын бақылауға болады. Кәсіпкерлерге де пайдасы мол. Себебі, цирфлық көшірме арқылы олар кәсібін қай нысанда жандандыра алатынын алдан ала зерттей алады. Ал, мемлекеттік органдар халық санының өсуіне байланысты қай аудандарда мектеп және емхана салуды анықтап отырады. Одан бөлек, жаңа жүйе арқылы келешекте жер телімдерін жалға алуға және сатып алуға болады.

Ахмет АХМЕТОВ, IT ҚҰРАСТЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ:

Геоақпараттық орталық жұртшылыққа көп мүмкіндік береді. Ең әуелі қарапайым тұрғындарға пайдасы зор. Себебі, бұл жерде қоғамдық көліктер арқылы бір нысаннан екінші нысанға қалай тез баруға болатынын анықтауға болады немесе Ашық қосымшасы бар нысандарды табуға болады.


Аталмыш жоба бойынша қазір шамамен 200-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр. Мамандардың мәлімдеуінше, Бас қала бүгінде 100 пайызға цифрландырылды. Ақпараттық платформа былтырдан бастап толықтырылып келеді.

Д. Жарқынбек