Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Биыл қамбаға түсетін бидай көлемі едәуір аз болуы мүмкін

Биыл қамбаға түсетін бидай көлемі едәуір аз болуы мүмкін

Биыл қамбаға түсетін бидай көлемі едәуір аз болуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұны климаттың өзгеруімен байланыстырды. Бұл туралы «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференцияда айтылды. Мемлекет басшысының айтуынша, 2030 жылы климаттық жағдайға байланысты бидайдың орташа шығымдылығы жеті облыста орта есеппен қазіргі деңгейдің 63-87 пайызына ғана жетуі мүмкін.  Қазақстан Орталық Азиядағы бидай экспорттайтын жалғыз мемлекет екенін ескерсек, бұл жайт бүкіл өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстан ірі бидай өндірушілердің ондығына кіреді және жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды. Егер 2030 жылға қарай жағымсыз сценариға тап болсақ, бидай шығымы шамамен 40 пайызға төмендеуі мүмкін.


А. Данияр