Қызылжарлық спорт шебері Виктор Сайко гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды. Сочи қаласында өткен әлем біріншілігінде 16 келілік снарядты 960 рет көтерген. Сөйтіп, халықаралық жарыста үздік танылып, қанжығасына бірден 10 жүлде байлап қайтты. Оның жарысқа қатысуына "Нұр Отан" партиясы өкілдері демеуші тауып берген. Алпыстың асқарына шыққан азамат осыған дейін 35 рет әлем чемпионы атанып, 4 мәрте Гиннес рекордын орнатқан. Спортшының өзі Сочидегі шараға жеңу үшін емес, маңызды миссиямен барғанын айтады.
Виктор Сайко, Халықаралық гір көтеру спорт федерациясының қазақстандық филиал төрағасы:
«Нұр Отан» партиясының көмегімен іске асқан сапарымның арқасында мен Халықаралық гір көтеру федерациясы өкілдерімен кездесіп, бір мәселені шешіп келдім. Біз Петропавлда алдымыздағы шілде айында гір көтеруден әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сочиде біз құзырлы мекемемен осы жарысты бүге-шүгесіне дейін талқылап, оң шешімге келдік.
Кеңес Мұқышев, «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
2017
жылдың бірінші тоқсанында "Нұр Отан" партиясына 200-ден астам адам
жолықты. Оның бірі - Виктор Сайко. Біз бастауыш партия ұйымдарының бірінен оған
демеушіні тауып бердік. Сапары оң болды. Енді ол әлем чемпионатын өткізуге
ниетті. Біз бұл жобаны да қарастырамыз деп ойлаймын.