Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қарағандылық құтқарушы ат әбзелдерін жасайды

AstanaTV
15.10.2021ж. 20:00
1260
Қарағандылық құтқарушы ат әбзелдерін жасайды

Қарағандылық құтқарушы ат әбзелдерін жасайды. Бағлан Мырзаханов қайыстан өрген қамшылары мен өрнектеп жасаған  ер- тоқым, ноқталарын талай әріптесіне сыйлаған. "Әкемнен  үйренген өнерді жалғастыру  қиын да жауапты жұмысына еш кедергі келтірмейді" дейді өрт сөндіруші.

29 жастағы Бағлан қайыстан қамшы өруді бала кезінде әкесінен үйренген. Қазір ат әбзелдерінің түр- түрін жасайды. Ер- тоқым, үзеңгі, жүген, ауыздық, ноқта, тұсау, атқа керектінің бәрі бар. Әр бұйымды жасауға екі- үш күн кетеді дейді. Бірақ шебер бұларды    сатпайды, тек жақындарына сыйлайды.

Бағлан МЫРЗАХАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛАСЫНЫҢ №11 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ:


Әкем көп нәрсені үйретті. Бірінші мынау- жүген атқа тағатын мықты қайыстан, ат мініп мынау тізгіні тартып отыру керек бағыт бағдар беретін.Таныстарыма сыйлайм кейде  көкпаршыларға, таныс көкпаршылар сұрайды.


Тек  бұйымдарды өретін қайыс табу қиын дейді шебер. Оны таңдап жүріп,  базардан өзі сатып алады. Оны әрі қарай өңдеу, әдемілеп өру төзімділік пен ұқыптылықты қажет етеді. Бұл қолөнершіге де, құтқарушыға да ортақ қасиет.

Бағлан МЫРЗАХАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛАСЫНЫҢ №11 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ:


Қазіргі заманда үлкен кісілер ғана жасайды бұл өнерді. Соны ұрпаққа, балаға баладан немереге жалғастыру өзімнің міндетім деп санаймын. Балам әлі кішкентай, үйреткім келеді.

Қолөнер Бағланның қиын да жауапты жұмысына еш кедергі келтірмейді. Міне ол   тағы да  адам жанын құтқаруға аттанды. Әріптестерінің айтуынша Бағлан талай өртті сөндіріп, ондаған апаттан құтқару операцияларында кәсіби шеберлігімен көзге түскен.

Төлеген МҰҚАШЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛАСЫНЫҢ №11 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сабырлы, ұқыпты, тиянақты. Осы тамыз айында мебельный фабрикада үлкен өрт болды. Бағлан өзі қарауыл басшысымен бірге өртке кіріп олар 20 минуттың ішінде өртті құрықтап, 20 минуттың ішінде өртті сөндірді. Өзінің қызметтік тәжірибесін көрсетті.

А. Қуаш