Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Атыраулықтар таңатпай облыс әкімдігін аяқтан тұрғызды

AstanaTV
18.10.2021ж. 20:00
1666
Атыраулықтар таңатпай облыс әкімдігін аяқтан тұрғызды

Атырауда коммуналдық мәселелерден мезі болған, жаңа үйдің тұрғындары шу көтерді. Олар бүгін  облыс әкімдігімен кездеспек болып жұмыс орнына іздеп барды. Айтуларынша, пайдалануға 4 жыл да болмаған су жаңа үй апаттың аз-ақ алдында тұр. Базынасын айта келген тұрғындарға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов шыққан жоқ. Толығырақ әріптесім айтып берсін.

Дүйсенбі облыстық әкімдік қызметкерлері үшін жайлы бола қойған жоқ. Нұрсая ықшам ауданы тұрғындарының айқайы тиісті мамандарды аяқтан тік тұрғызды. Айтуларынша, 2017 жылдың қарашасында пайдалануға берілген жаңа үйдің жыртығын жамап шаршаған. Шұрық тесік шатырдан қар мен жаңбыр суы сорғалап, жертөлеге толған ыстық судың салдарынан үй қабырғасы жарылып жатыр,- деп ашулы.

Ұлпан ТІЛЕУМАҒАМБЕТОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйдің іші, подъездің бәрі сырость басты. Тоқтар жасамайды. Лампочка салсаң жанып кетеді. Линияның бәрін су басқан. Бүкіл Нұрсаядағы теплотрассадағы тұрбаның бәрі ескі, шіріген.

Айсұлу ҚАЛЫБЕКОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл үйді қабылдап алған адам қайда қарап алды? Көзді жұмып алды ма? Бұл малға беретін қора емес қой, үй ғой. Адам тұратын. Кіргенімізге 3 жыл болған жоқ, көрмеген қорлығымыз жоқ.

Ашулы топ мәселені шешуге асықпаған шенділермен сөйлеспейміз- деп, аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің шығуын талап етті. Алайда облыс әкімі халықпен кездескен жоқ. Оның орнына орынбасары Қайрат Бекенов қабылдап, кейін шулы үйді өз көзімен көруге барды.

Тұрғындар кезекшілікке тұрып, жертөлені тазалайтындары бақылауға алыпты. Шаршаған жұрт бұл жағдай жылу жүйесіндегі апатқа байланысты қайталана береді,- дейді. Облыс әкімінің орынбасарына жағдайды көрсетті. Тіпті шатырға алып шықты.

Қайрат БЕКЕНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шатырдың сіз көрген тесіктер арнайы авариялық бригаданы бекітіп, қысқа дайындық болғаннан кейін тұрғындарға көмектесеміз. Екінші бір мәселе тұрғындарға түсіндіріп жатырмыз әрбір үйге уси бұрынғы пик меншік иелерінен ақша жинап, бұл үйлерге қарау керек. Біз кск қарыздарын зерттеген кезде 500 мың тг астам қарыз бар екен.


45 пәтерлік  үйді айнала қарап шыққан ақ жағалының айтқаны аз. Тұрғындардың ұсынысымен үйге толықтай техникалық зертеу жүргізілетін болды.  

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Айта кетейік, ақ жағалылар бұл үйдің сметалық құны 340 млн теңге екенін айтты. Құрылысты жүргізген «Арал» компаниясы болса, әлдеқашан банкрот боп, жабылып қалған көрінеді. Сондықтан билікке қол жая бермей, мүлік иелерінің бірлестігіне ай сайын төлем төлеп, өз беттерінше  жамап-жасқауға кеңес берді.

Б. Надірқызы