Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін енді кәдімгі сыныптарда оқу қолжетімді. Ол үшін «Болашақ» қоры ел ішінде инклюзивті білім беретін 57 кабинет ашқан. Онда әрбір баламен оқытушы-ассистенттер жұмыс істейді. Толығырақ алдағы сюжетте.
Ерекше қажеттілігі бар Әлібек қазір екінші сыныптың оқушысы. Ол мұнда оқып жүріп айтарлықтай жетістікке жеткен. Бұрын ол сабақта 5 минуттан артық отыра алмайтын еді-дейді мұғалімі. Алайда қазір әлдеқайда өзгерген деп отыр. Жауапты маман баланы сабақ кезінде ертіп жүреді. Соның арқасында ол құрдастарымен бірге оқып, олармен емін-еркін араласа алады.
Зәмзәгүл МҰҚАНОВА, ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТ:
Басында ол өте тұйық болатын. Ешкіммен сөйлеспейтін. Алғашында ол сабақта отыра алмайтын. Сосын сыныптан шығып кететін. Алайда қазір ол барлығына дағдыланып, үйреніп келеді. Бұрынғыдай емес ортамен еркін аралыса алады. Сұрақ қойып, сабағын оқиды. Құрдастарымен бірге өзін еркін сезінеді.
Ерекше қажеттілігі бар балалар әдетте сабақтағы тақырыптарды бірден қабылдай алмайды. Сондықтан да мектептегі инклюзивті кабинеттерде балалармен педагог-ассистенттер жеке-жеке жұмыс істейді екен.
Барлық педагог-ассистенттер жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Бағдарламаны "Болашақ" қорының кураторлары әзірлейді. Ерекше балалармен сапалы жұмыс жасау үшін педагогтар арнайы курстардан өтеді.
Гүлбану СҮЛЕЙМЕНОВА, "БОЛАШАҚ" КҚ "ӘР БАЛА МЕКТЕПКЕ БАРУҒА ЛАЙЫҚТЫ" ЖОБАСЫНЫҢ КУРАТОРЫ:
Болашақ қоры зерттеу жүргізді, оған 2 мыңнан астам мектеп мұғалімдері қатысты. Онда 60% - дан астамы жеткілікті ақпаратқа ие емес екенін, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша сүйемелдеу әдісін қажет ететіндіктерін көрсетті.
Мұғалімнің ассистент ретіндегі рөлі, мұнымен шектелмейді. Балаларды сүйемелдеп жүру өз алдына, олармен қосымша жаттығулар жасап, оларды ортаға бейімдеу дейді-мамандар
Зәмзәгүл МҰҚАНОВА, ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТ:
Педагог-ассистент әр тоқсан сайын ауыстырылып отырады. Себебі бұл балалардың басты мәселесі. Олар бейтаныс адамдармен байланыс орнатуға бейімделуі қажет.
Педагог -ассистентерге қойылатын талаптар да аз емес. Алдымен білімі жоғары болуы шарт. Алайда бұл жеткіліксіз дейді -қор жетекшілігі. Олар мұндай жұмыс үшін жоғары оқу орындарында арнайы деңгейде оқуы қажет деп санайды. Сонда ғана ерекше балалармен жұмыс жақсаратынына сенімді. Айта кетейік, кейбір деректерге сүйенсек республика бойынша 160 мыңнан астам ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар бар. Олардың 35 мыңнан астамында аутизім бар.
Б. Сатуов