Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ақмолада жолдар күрделі жөндеуден өтті

AstanaTV
21.10.2021ж. 20:00
1100
Ақмолада жолдар күрделі жөндеуден өтті

Ақмола облысы жарты жылда бүтін бір қала гүлденді. Степногорск шаһарында жолдар күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, қаладағы тұрғын үйлердің ауласы абаттандырылды. Осылайша, жыл басында жоспарланған 15 жобаны, жергілікті мамандар мерзімінен бұрын аяқтаған. Өңірді одан әрі көркейтуге қатысты жаңа жоспарлары да дайын. Аймаққа арнайы барған әріптесім, тақырыпты тарқатады.

Шағын қаланың 3 шақырымнан асатын күре жолдары, күрделі жөндеуден өтті. Қаражат діттелген жерге жұмсалды, дейді мамандар. Олардың айтуынша, бұған дейін бұл жолдарда аялдамада, бағдаршамда атымен болмаған. Жұмыс басталғалы жаңа аялдамалар мен бағдаршамдар тұрғызылыпты. Жауаптылар үзіліссіз жасалған жұмыстың арқасында,тас жолдарды жоспарланған мерзімінен бұрын қолданысқа бердік дейді.

Әділжан ОРЫНБАСАРОВ, ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
 
Осы жобада 6 аялдама қарастырылған, жаяу жүргіншінің жолы қарастырыған және основной осы тас жолы. Негізі бұл жоба келесі жылға өту керек. Бірақ мерзімінен бұрын тапсырайын деп жатырмыз.

Бұдан бөлек, жоспар бойынша 10 шақты тұрғын үй алаңдары толығымен абаттандырылыпты.  Тұрғындардың қалауымен жаңадан балалар әткеншектері, футбол алаңдары орнатылған. Сонымен қатар, жаңа екі саябақ салынды. Степногорск қаласы әкімі орынбасарының мәліметінше, бұл ауқымды тапсырма мамыр айында басталған. 200-ден аса маман жұмылдырылған. Жалпы аталмыш жобаның іске асуына республикалық бюджеттен 1 млрд-тан теңгеден асатын қаржы бөлінген.

Сағындық ШАБАРОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биылғы жылы 5 ауыл-аймақтарда абаттандыру жұмыстарын жүргіздік. Оның ішінде 1-ші шағын ауданда,  бір аумақ және осы 7 шағын ауданда 3 аумақ абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ендігі жылға бізде өте көп жоспар бар.  Тағы осылай ауыл-аймақты абаттандыру, жұмыстар. Қазіргі кезде 5 жоба өтті, экспертизадан өтті.


Қала басшылығы аймақты көркейтуге қатысты жаңа жоспарымен бөлісті. Алдағы жылы өңірдің негізгі 4 бірдей тас жолына толықтай күрделі жөндеу жүргізілмек. Жоспардың сызбалары бұл күні дайын тұр. Ендігі кезек ел қоржынынан түсетін қаражат дейді әкімдік өкілі.   

Д. Жарқынбек