Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Жамбыл облысында есірткі дайындап, оны өткізіп келген топ анықталды

Жамбыл облысында есірткі дайындап, оны өткізіп келген топ анықталды

Жамбыл облысында есірткі дайындап, өзге өңірлерге өткізіп келген топ анықталды. 39 және 51 жас аралығындағы 5 азаматтың қолына кісен салынды. Бұл туралы полиция мамандары хабарлады. Ұсталған ер адамдардың төртеуі – Байзақ ауданының тұрғындары, біреуі Тараз қаласынан. Күдіктілердің бірінің өндірістік базасында, каннабис өсімдігін өсіріп келгендігі анықталды. Жүргізілген тінту кезінде тіркелмеген 2 тегіс ұңғылы мылтық, 25 аңшылық және 16 травматикалық патрондарды заңсыз сақтағандары белгілі болды. Сондай-ақ жалпы салмағы 1 келіден астам гашиш, 30 келіден асатын «марихуана» тәркіленді. Одан бөлек есірткі дайындауға арналған құралдар табылды.

Асқар ЖҰМАБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

 
Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы өз кінәларын мойындап, Тараз қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған қылмыстық іс бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен тергеу-жедел тобы құрылды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Б. Жұмабай