Елордада желдің салдарынан, көпқабатты ғимараттың төбесіндегі темір құлап, бір адам мерт бола жаздады. Оқиға Сығанақ даңғылы бойында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода, зардап шеккен адам қозғалыссыз жатыр. Куәгерлер оқиға орнына арнайы мамандар шақыртқан. Дәрігерлер жарақаттанған тұрғынға күрделі ота жасаған, жағдайын ауыр деп бағалады.
Әйгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Науқас ауыр халде, ауыр жағдайда көпбейінді №2 ауруханаға жеткізілді.Дене жарақаттары мен және бас,ми жарақатымен. Шұғыл түрде ота жасалып, дәл қазір науқас реанимация бөлімшесінде. Жағдайы әзірге ауыр.
Б. Сатуов