Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Шымкентте 75 жастағы кейуананың телефонын алып қойған полицейлер жазаланды

AstanaTV
25.10.2021ж. 20:00
962
Шымкентте 75 жастағы кейуананың телефонын алып қойған полицейлер жазаланды

Шымкенттегі базарлардың бірінде  жаңғақ сатып отырған кейуанаға дөрекілік танытқан полицейлер жазаланды.

Әлеуметтік желіде тараған бұл бейнекөрініс көпшіліктің ашуына тиді.   Полиция қызметкерінің үлкен кісіге  өктемдік танытып, телефонын тартып алғаны  қызу талқыға түсті.  Бейнежазбада көрсетілген полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалған. Екеуі де тиісті жазасын алды дейді құзырлы орган өкілі.  

Алмас ӘМЗЕЕВ, ШЫМКЕНТ Қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Полиция департаментінің тәртіп комиссиясының шешіміне сәйкес полиция қызметкері Мүлікбаев Жұлдызбек Дүйсенбекұлына өз қызметіне сәйкес емес жөндігіне, ал тағы қызметкеріміз Тұрмағамбетов Дауыт Зейдоллаевичке ескерту тәртіп шарасы жарияланды. Себебі аталған қызметкерлердің тарапынан әдеп нормаларының кодексі бұзылды деп танылып, сондай шешім шығарылды.

Бірақ зейнеткер, осындай шу болады деп ойламағанын айтады.  "Бәріне өзім кінәлімін, заң талабын бұзған өзім"  дейді.

Пәтима БЕКЕНОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:


Базардың сыртына отырдым әйтеуір бір тіршілік қой енді, әркім тіршілік істейді. Содан полицейский бала бұл жерде отыруға болмайды дейді,1-2 мәрте ескертті. Менің құлағым жөнді есітпейді, содан қу жаңғақты өткізе салайын деп отырдым. Кейін келгеннен кейін өзіне айттым  телефономды бердім, балама звондап берші деп,содан үймелеп жұрттың бәрі, адамдарға тамаша керек та, жиналып қалды.

Ә. Дүкембаева