Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды

AstanaTV
25.10.2021ж. 20:00
1349
Оралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Оралдық азаматтан екі миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды. Облыстық криминалдық полиция басқармасының дерегінше, олар бұл іспен биыл тамыз айынан бері айналысқан.

Бұл жолы  70 мың теңге олжаламақ болған күдіктілер алысқа ұзаған жоқ. Криминалдық полиция басқармасының дерегінше, олардың басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Тінту кезінде заттай дәлелдемелер алынған. Қазір бұл  дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ернар ЕСДӘУЛЕТОВ, БҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ:

Жәбірленушіден сыйақы ақшаны алу барысында қылмыс орнында ұсталды. Күдіктілер ҚК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Е. Карин