Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Президентке асылтұқымды ақалтеке мен түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты

AstanaTV
25.10.2021ж. 20:00
1464
Президентке асылтұқымды ақалтеке мен түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев  Ашхабадқа мемлекеттік сапары аясында  Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында    Қазақстан-Түрікмен стратегиялық әріптестігі мәселелері талқыланды. Саясат, сауда, көлік және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы айтылды. Сондай-ақ, екі ел басшысы Ахалтеке жылқысына арналған кешенде болды.  Спорт кешенін аралау кезінде Түрікмен басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевқа асылтұқымды ақалтеке мен түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен бұл сыйлық үшін тағы да шын жүректен алғыс айтқым келді. Бұл- бауырлас түрікмен халқының достығының көрінісі.


Б. Сатуов