Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

БҚО орманнан әйел адамның бөлшектелген денесі табылды

AstanaTV
26.10.2021ж. 20:00
1354
БҚО орманнан әйел адамның бөлшектелген денесі табылды

Батыс Қазақстан облысында орманнан әйел адамның бөлшектелген денесі табылды. Полиция департаменті бұл мүрде жоғалып кеткен оралдық Дина Станькоға тиесілі болуы мүмкін деді. Бірақ, марқұмның туысы бұған сене алар емес. Оның айтуынша орманда жатып қалған жансыз денені бұралқы иттер талап жеп, айнала шашып тастапты. Полицияның дерегінше, стоматологтар марқұмды емдеген тісінен жазбай таныған. Сонымен қатар әшекей бұйымдары да өзімен бірге болған дейді.

Дариға МӘЖИТОВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жоғалған азаматшаны іздестіру кезінде оның Желаев кенті жаққа кеткені анықталды. Бір айдан кейін осы ауылдың тұрғыны орманнан саңырауқұлақ теріп жүріп, белгісіз әйелдің бас сүйегі мен мүрде қалдықтарын тауып алған. Сот-медициналық сараптама алынды.  Оның қорытындысына сай марқұмның неден өлгені анықталады. Станьконың тісін емдеген стоматологтарда, табылған мүрдедегі тістер соныкі екенін растады.


Айта кетелік, Орал қаласының 58 жастағы тұрғыны Дина Станько тамыздың 24-інде із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Марқұмның артында жалғыз қызы қалды. Мария Хен, полицияның пайымына күдікпен қарайды.

Мария ХЕН, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Біз адамның бас сүйегін ғана көрдік. Сол сүйекке қарап, "мынау менің әпкем", - деп кесіп айту оңай емес. Оны тірі деп үміттеніп жүрген бізге бұл өте ауыр тиді. Нақты көз жеткізу үшін ДНК сараптама жасатып жатырмыз. Ал адамның тісі бір-біріне ұқсай беруі мүмкін ғой. Бірақ мойнындағы алтын алқасының бір үзігі табылды. Дегенмен оны біреу алысқа ұрлап әкетіп, әлі тірі жүрген шығар деген үміттеміз. Әпкемді мұндай аянышты жағдайда өлді деуге қимаймын.


Е. Карин