Биыл Ақтөбеде 1 689 оқушы
ұлттық бірыңғай тест тапсырмаған. Одан бөлек 753 түлек емтиханнан шекті балл
жинай алмаған. Сынақтан сүрінгендерге «Нұр отан» партиясы қолдау білдіріп отыр.
Бүгін «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында жастармен кездесу өтті.
Партиялықтар оларға техникалық мамандықтар бойынша колледждерге тегін оқуға
түсуге ұсыныс білдірді. Ал, оқуға жағдайы жоқтары жұмыс орындарына шақырту
алды. Негізінен түлектер қоғамдық жұмыстар мен «Жасыл ел» жасағы қатарында
қаланы көгалдандыруға атсалысатын болады.
Мұратбек Ержақып, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалының консультанты:
ҰБТ-да шектік баллды жинай
алмаған 352 түлектің 68-і қазіргі таңда Қазақстан республикасының жоғарғы оқу
орындарына, алпыс алтысы кәсіптік техникалық оқу орындарына және қайта курстарға
қабылданып жатыр. Алтысы нақты жұмысқа орналасып отыр.