$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Таразда белгісіз азамат көшеде кетіп бара жатқан баланы соққыға жықты

AstanaTV
27.10.2021ж. 20:00
5200
Таразда белгісіз азамат көшеде кетіп бара жатқан  баланы  соққыға жықты

Тараз қаласының қақ ортасында белгісіз азамат  баланы аяусыз соққыға жықты.  Бұл кадрда  самокат теуіп бара жатқан баланы ересек адамның ұрып жатқаны анық көрінеді. Құзырлылардың айтуынша, қазір бұл жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.   

Асылхан ЗАУРБЕКОВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Жедел іздестіру шара барысында полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының тұрғыны анықталып, полицияға жеткізді. Тергеу барысында күдіктінің психикалық ауытқуы  бар екендігі қазіргі уақытта облыстық психиатриа ауруханасында екендігі анықталды. Күдікті одан әрі сот психиатрия сараптамасын тағайындау үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылды.

Күдікті 2018-жылдан бері психикалы  тіркеуде тұрғанЫ, 2-ші топтағы мүгедек екені анықталды. Қыркүйек айының  соңында ғана ауруханадан шығарылған.

Ғалия ЕЛГЕМБАЕВА, ПСИХИАТР:

Науқас бізде психикалық тіркеуде бар. Жақында ғана  ауруханадан шығарылған. Бұл жағдайдың қашан, қайда болатынын біз білмейміз. Дәл сол уақытта  жағдай шиеленісіп, агрессияға беріліп  кеткен болу керек, жағдайы тым ауыр емес.

Ә. Дүкембаева