$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматылық оқушы 11-ші қабаттан секіріп кеткен

AstanaTV
28.10.2021ж. 20:00
1776
Алматылық оқушы 11-ші қабаттан секіріп кеткен

Алматыда мектеп оқушысы көз жұмды. Қайғылы оқиға білім ошағында өткен «күзгі бал» кешінен кейін болған. Жасөспірім шараға қатысқаннан соң үйінің 11-ші қабатынан секіріп кеткен. Мектеп ұжымы баланың мұндай қадамға баруына не себеп екенін ашып айтпады. Тақырыпты әріптесім Әсем Лесбек толықтырады.

Мектеп оқушысының өзіне қол жұмсағандығы туралы ақпарат, әлеуметтік желіде тарады. Онда мектептегі шарада «Гарри Поттер» стилінде белдемше киіп барған балаға, мұғалім ұрысқаны жазылған. Күштеп психологқа апарған, кейін оқушы жоғарыдан секіргені хабарланған.   

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Марқұм оқушы Қалқаман ықшамауданындағы мына Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқыған. Білім ордасындағылардың айтуынша, 8-ші сынып оқушысы оқуда озат, мектептік іс-шараларда белсенді болған.

Білім ордасындағылар қайғылы оқиғаның, сабақтан тыс уақытта болғанын айтты. Олар желідегі ақпаратты жоққа шығарып әлек. Карантин шектеулеріне орай, сыртқа шығуға болмайды деген желеумен, қақпаның ар-жағынан тілдесті. Айтуларынша марқұм оқушы білім ошағындағы шараға мектеп формасымен келген.  

Жанар АДАМБАЕВА, АЛМАТЫ қ. ХББ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Бала юбка кимеген. Бұл ақпарат қайдан пайда болғанын біз түсінбейміз. Балалар мектеп формасымен күзгі балда жарысты. Психологтың ол жерде ешқандай қатысы жоқ. Тіпті психологқа жүгінетін бала да емес. Өзімен-өзі самодостаточный.

Әйтсе де зияткерлік мектептің өкілі, психолог мамандардың оқушылармен тығыз байланыста екенін жасырмады. Білім ордасындағы 3 маманға күніне, 100-ден аса оқушы жүгінеді дейді. Тәуелсіз  психолог болса, арнайы маманмен үнемі жұмыс жасайтын бала, өзіне қол жұмсауға бармайды деп отыр.  

Гүлнәр КЕТПЕНБАЕВА, ПСИХОЛОГ:


Бұл ересектер тарабынан жіберілген қателік. Қай жағынан қарасақ та. Ата-аналар тарапынан болсын, мектеп жағынан болсын, Бала күйзелісте болды. Ол бір ғана психологтың не сынып жетекшісінің ескертуінен барып өз өмірін қиюуы мүмкін емес.

Қара жамылған отбасы, мектеп ұжымына шағымымыз жоқ дейді. Дегемнмен полиция бұл іске қатысты тергеуді бастаған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Біріңғай реестрде қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тіркеліп, қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы өндіріс аясында анықталатын болады.


Әйтсе де психолог Гүлнәр Кетпенбаева мектеп оқушылары арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің жиілегеніне алаңдаулы. Оның пайымынша мұндай жағдайларға көбіне ата-аналар кінәлі. Балаларымен ашық сөйлеспейді, олардың қандай жағдайда жүргенін қадағаламайды дейді.

Ә. Лесбек