Қызылордада қарт анасынан бас тартқандар көбейді. Соңғы 1,5 айда "Қамқорлық" дағдарыс орталығына 4 әже түскен. Оларды балалары әкеп тастаған. Тіпті анасынан заңды түрде бас тартқан безбүйрек бар. Тек біреуін ғана өзге туыстары алып кеткен. Олардың арасында 45 жыл отасқан жарынан таяқ жеген әйел де бар. Қазір орталық мамандары оларды қарттар үйіне орналастыру үшін құжаттарын әзірлеп жатыр.
Жандос Тұсмағамбаетов, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының басшысы:
Енді бұған дейінгі екі қарт кісі біздің орталықта бейімделді. Ол кісілердің қазір мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік мекемелермен біз тиісті жұмыс жасап жатырмыз. Алдағы уақытта бұл кісілер қарттар үйіне және өздерінің отбасыларына орналасу, қайта оралу мәселесін қазір қарастырып жатырмыз.
Дағдарыс
орталығының мамандары қарт ата-анадан бас тарту қазақи дәстүрлерді дәріптейтін
аймақ халқы үшін үйреншікті іс болып бара жатқанын айтады. Ал қарттар үйінде
қазір 160 адам тұрып жатса, оның 100-і - қарт кісі. Көбісінің балалары бар.