Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Азық-түлік өнімдері 20 пайызға арзан сатылды

AstanaTV
01.11.2021ж. 20:00
1035
Азық-түлік өнімдері 20 пайызға арзан сатылды

Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі аяқталды. Әр аптаның демалыс күндері ұйымдастырылған  шараны Ақмола облысы қорытындылады.  Аймақтың кәсіпкерлері бас шаһарға  500 тоннадан астам өнім әкелген. Баға қолжетімді. Әріптесім Асылбек Даниярдың бейнематериалы.

Жылда дәстүрлі түрде өтетін шараның нүктесін биыл Ақмола облысы қойды. Өңірдің тауар өндірушілері тұрғындарға өздерінің 50-ден астам азық-түлік өнімін ұсынды. Жалпы құны: 420 миллион теңге шамасында. Аймақ әкімі  орынбасарының айтуынша, жәрмеңкеде сатылған заттардың бағасы нарықтағыдан 10-20 пайыз арзан.  

Ғалымжан ӘБДІХАЛЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

130 тоннадан артық ет және шұжық өнімдері, 50 тоннадан артық сүт өнімдері оның ішінде май, сыр бәрі ішіне жатады. 3 тоннадан артық кондитерлік өнімдер өнімдер әкелінді. Соның барлығы біздің қазіргі жәрмеңкемізде сатылып бастады.
 

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жәрмеңкеге келушілер көп болды. Әсіресе, ет сатып алып жатқандардың нөпірі қалың. Бағасы  базардан әжептеуір төмен, дейді тұрғындар. Мәселен, сиыр еті -2 мың, қой еті- 1800 теңгеден   саудаланды.

Мағжан ТАЛҒАТБЕКҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Халыққа жеңілдік істеп жатыр осындай қиын жағдайда, бұл деген көп көмек қой. Шаруашылық иелеріне рақмет дейміз. Осындай жәрмеңкелер жылда-жылда бола берсін.

Шарада санитарлық талаптар қатаң сақталған. Сатушылардың біразы  вакцина алған, ал кейбірі ПЦР сынамасын тапсырыпты.

Гүлжанат МЫРЗАЛЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРІ:

Колутон станциясынан келдік. Өз өнімдерімізді сатып жатырмыз. Өсірген малдарымыздың етін: қой, қарам малдарды сатып жатырмыз. Бал да әкелдік, сүт те әкелдік, бүкілі бар.

Айта кетейік, өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елорда халқын азық-түлік тауарларын үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Қала тұрғындарының ет пен сүтке деген қажеттілігінің  үштен бірін Ақмола облысы жауып отыр.

А. Данияр