Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

«Nur Otan» партиясы Ақтаудағы кәмелетке толмаған балалар ісі комиссиясының жұмысын сынады

AstanaTV
01.11.2021ж. 20:00
693
«Nur Otan» партиясы Ақтаудағы кәмелетке толмаған балалар ісі комиссиясының жұмысын сынады

Арнаулы интернаттың тәрбиеленушісі психологтардың дұрыс көңіл бөлмеуі кесірінен   өз-өзіне қол салды.  Бұл туралы мониторинг топ мүшелері «Nur Otan» партиясы   отбасы, әйелдер және балаларды қорғау республикалық кеңесінің Ақтауда өткен көшпелі  отырысында  айтты. Олар  60-тан аса елдімекенде денсаулық сақтау және білім саласы бойынша 225 нысанға  бақылау жұмыстарын жүргізген.  Мамандандырылған интернаттар мен  арнайы мектептер ерекше назарға алынған.  Нәтиже көңіл қынжылтады. Кейбір өңірде әжетханалар әлі күнге дейін білім беру нысандарынан тыс орналасқан. Ал   медбикелер өз міндеттерін дұрыс орындай алмайды, тіпті алғашқы көмек көрсетуді де білмейтіндер кездескен. Мамандардың айтуынша,  мектепте   сауалнама жүргізу барысында бір оқушы қыз  суицид жасайтынын мәлімдеген, ал психологтар  оған немқұрайлы қараған көрінеді. Сондықтан оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды дейді.  Кейде тұрмысы төмен отбасылары да мамандардың назарынан тыс қалып жатады. Бұл да алаңдатарлық жағдай.

Динара ЗАКИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОТБАСЫ, ӘЙЕЛДЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Осындай отбасыларға көмек көрсету комиссия отырысында қаралады. Бірақ, нәтижесі бақылана бермейді. Соңында тапсырмамен айналысатын учаскелік бөлімшелер аталмыш отбасылардың мәселелерімен жеке қалады. Қызметкерлер сол жанұяға қатысты жоспарланған барлық тапсырманы орындай бермейді. Біз бұл мәселені көтеріп жатырмыз және мұндай жұмыстың жеткіліксіз екенін көрсетіп жатырмыз.


Атырау облысында учаскелік бөлімше бір отбасындағы мәселеге қатысты ақпаратты кәмелетке толмаған балалар ісінің комиссиясына аудара салған. Бақылау тобы мүшелерінің айтуынша,  балалар әлі күнге дейін қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. Мамандар бұл мәселеге құзырлы орындар жауапкершілікпен қараса, кез-келген  мәселе шешіледі  дейді. Айта кетейік, республикалық кеңес өңірлерде екі жылдан бері осы бағытта жұмыс жүргізіп келеді, нәтижесінде мыңдаған баланың тұрмысы жақсарған.  

Д. Жарқынбек