$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елбасы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына байланысты жиын өткізді

AstanaTV
18.08.2017ж. 20:00
3837
Елбасы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына байланысты жиын өткізді

Елбасы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына байланысты кеңес өткізді. Бурабайда өткен жиында «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламаларының орындалуы, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту сияқты мәселелер көтерілді. Еліміздің ең ірі қалалары Астана және Алматы әкімдерінің есебін тыңдаған мемлекет басшысы көлік құралдарының кептелісі, мектептер мен балабақшалардағы кезек проблемаларына назар аударды. Сондай-ақ, қала экономикасына шағын және орта бизнестің қатысуы да тілге тиек етілді.

Кеңес аясында Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Марат Тәжиннің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша есебі де тыңдалды. Ол латын әліпбиіне көшуге қатысты арнайы құрылған екі комиссия жұмыстарды аяқтап қалғанын мәлімдеді. Әкімдердің баяндамасын тыңдаған президент нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асуын назарға алып, облыстардағы көлік жолдары мен әлеуметтік нысандардың салыну екпінінің баяу екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

В этом году выделено более 70 млрд тенге на строительство 109 объектов образования, из которых в текущем году планировалось ввести в эксплуатацию 70. На сегодня введены только 7 школ и 2 детских сада. Большая часть запланированных объектов образования в Алматинской, Южно-Казахстанской и Актюбинской областях. Поручаю Правительству и акимам регионов принять необходимые меры по своевременному вводу всех запланированных объектов.