Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Кәсіпкер әйелден ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

AstanaTV
02.11.2021ж. 20:00
1256
Кәсіпкер әйелден ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

Кәсіпкер әйелден ақша бопсалағандар қылмыс үстінде ұсталды. Оқиға Қызылорда облысының Шиелі кентінде болған. Күдікке іліккен жас жігіттер жазда жергілікті ойын-сауық мекемесінің иесін қорқытып, ақша сұрапты. Мұны Полиция.кз ақпараттың порталы хабарлады. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде айыпталушының бірі қолға түскен. Ол 29 жастағы жергілікті тұрғын. Одан айғақ зат ретінде жәбірленушіден алынған ақша тәркіленген.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеп-тексеру барысында бұл тұлғалардың жәбірленушіден бірнеше мәрте ақша алғандығы белгілі болды.

Аудан орталығынан Шиелі кентінің үш тұрғыны да күдікті ретінде тұтқындалды. Төрт айыпталушы қазір қалалық уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынған. Қазіргі таңда қылмыстық іс шеңберінде басқа да тұлғалар мен мән-жайлар анықталып, тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

А. Данияр