Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елордада ресейлік нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері наразылыққа шықты

AstanaTV
08.11.2021ж. 20:00
1843
Елордада ресейлік нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері наразылыққа шықты

Елордада ресейлік нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері наразылыққа шықты. Айтуларынша, соңғы кезде көрші ел есебінде  тұрған машиналарға  қысым көбейген. Жүргізушілер жауаптылардан осы мәселені бір жақты қылуды сұрайды. Ал бұған ішкі істер министрлігі не дейді? Толығырақ  тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады.

Ресейлік нөмірмен жүрген көлік иелері   заңдастыруды жеңілдету қажет дейді. Айтуларынша, шетелдік машинаны қайта құжаттандыру құны өте қымбат. Сондықтан бұл мәселе шешімін таппай отыр дейді.

Ерден, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


3 млн 800-ге алғам. Қазір мынау утилизационный сбор деп жатыр ғой барлығы ол қымбат бізге. Машинаның құнынан асып кетіп тұр ғой. Барлығы сол машинаның арқасында күн көріп жатыр.

Жиналғандар құзырлылардан бір мүмкіндік сұрайды.  Армениядан әкелінген көліктер сияқты, ресейлік темір тұлпарларға да сары нөмір берсе немесе басқа жеңіл жолын ұсынса  дейді.

БЛИЦ:

- Сары нөмер беріп немесе бір жақты шығарып беру керек. Қысымға ала бермеу керек халықты.
- Уақытша временный учет па, бірдемеге қойсын бізге. Соны талап ету үшін келіп тұрмыз ғой барлығымыз.


Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел аумағында жүрген 80 мыңнан аса көлік Ресей Федерациясының есебінен шығарылып тасталған. Сондықтан ресейлік нөмір таққан көліктерге тексеріс күшейгенін айтады. Өйткені шетелдік көліктердің әргі-бергі тарихы бізге белгісіз дейді. Министр Ерлан Тұрғымбаев елімізде жүрген өзге елдің  көліктері міндетті түрде тіркелуі қажет деп кесіп айтты.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ,  ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Бәрінің қолдарында құжат бар. Ол автокөлікті  сатып алдық деп. РФ-да сатушы бар, сатып алған азамат бар.  Сол азамат құжаттарымен Цонға бару керек, сонда заңды түрде автокөліктерді өз атына қою керек.Көбісі қойғысы келмейді ғой. Осы мәселе болып шығып жатыр.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Елімізде ресейлік нөмірмен жүрген 210 мыңдай көлік бар. Соның 150-мыңға жуығы  ғана  тіркелген.  Ал қалғандары заңсыз дейді жауаптылар. Ол көліктердің бірі Ресей есебінен шығарылып тасталған болса, енді бірі ұрланған немесе бұғатта тұрған болуы мүмкін.   Ресей Федерациясы  ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 600-ге жуық көлік қолды болған. Осы уақытқа дейін  200-ге жуығының  қайда екені анықталыпты.

Б. Сатуов