$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде келер жылдан бастап педофилдерге электронды білезік тағылады

AstanaTV
08.11.2021ж. 20:00
1012
Елімізде келер жылдан бастап педофилдерге электронды білезік тағылады

Елімізде келер жылдан бастап педофилдерге электронды білезік тағылады. Бұл туралы  Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Электронды білезік алдымен пилоттық жоба аясында сексен адамға тағылады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыскерлерді бақылау білезігі жалға алынады. Оның ай сайынғы төлемі -10 мың теңге. Айта кетейік,  еліміздегі түзету мекемелерінде қазір   2 мыңнан астам педофил жазасын өтеп жатыр. Ал 330 адам пробациялық есепте тұр.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Пробациялық бақылауды дамыту үшін электрондық білезіктер енгізілуде. Биыл біз бұл жұмысты ілкі жоба ретінде бастаймыз. Бірінші кезекте 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педофилдерге қатысты осы электронды білезіктер қолданылатын болады.

Б. Сатуов