Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Польша Сенатының Маршалы Томаш Гродзкиймен кездесті. Тараптар екі елдің парламентаралық қатынастарын нығайтуға келісті. Мәжіліс Спикері Қазақстан басшылығының Польшамен жан-жақты серіктестікті дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Өз кезегінде, Польша Сенатының Маршалы Қазақстанның 100-ден астам түрлі этностардың үйіне айналғанына тоқталды. Сондай-ақ, Томаш Гродзкий поляк парламентшілерінің Қазақстанмен барлық салада ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
А. Данияр