$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Nur Otan-да «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысының тиімділігі қаралды

AstanaTV
08.11.2021ж. 20:00
1015
Nur Otan-да «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысының тиімділігі қаралды

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 222 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркеліп, 122 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл - 2019-2021 жылдар аралығындағы ресми статистика. Мұны «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысында жұмыс тобының жетекшісі Ғалым Байтоқ айтты. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров та, бұған қатысты үн қосты. Кеңестің бүгінгі отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысының тиімділігі қаралды.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жұмыста біраз кемшіліктер бар. Оның ең біріншісі осы қызметкерлер арасындағы жүйелі түрдегі коррупция. Одан кейін кейбір қызметтердің қол жетімсіздігі және аймақтарда мынау ХҚК орталықтарындағы жұмыс. Яғни аймақтарда ХҚК орталықтарына адамдардың топ-тобымен келуі, мынау қазір пандемия кезінде.


Жиын барысында партия мүшелері 200 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан облысының Сайрам ауданында бір ғана халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтініне назар аударды. Мемлекеттік корпорацияға екінші орталық ашу мәселесін пысықтау ұсынылды. Сонымен қатар, Кеңес мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.

Б. Сатуов