Елордада тұратын литвалық азамат- Бронислав Бугинастың қазақ тіліне деген құрметі ерекше. Ұлты басқа болса да, жүрегі қазақ деп соғатын ол балаларды музыка арқылы отансүйгіштікке, мемлекеттік тілді үйренуге баулып жүр.
Бронислав БУГИНАС, МУЗЫКАНТ:
Еуропалық мұғалім қазақша ән айтуды үйретсе, домбыраны қолға алсам, балалардың көздерінде ерекше қызығушылық пайда болады: бұл қалай?дегендей. Ағай қазақ емес қой , бірақ сөйлей алады! Балалар ғана емес, олардың ата-аналары да ынталанады.
Музыка арқылы қазақ тілі мен оның мәдениетін тануға болады музыкант. Айтуынша, оның тағдыры қазақ халқымен тығыз байланысты. Қуғын-сүргін кезінде Жезқазғанға жер аударылған отбасында дүниеге келген. Бронислав Бугинас бұл жай кездейсоқтық емес дейді.
Бронислав БУГИНАС, МУЗЫКАНТ:
Бугинас екі сөзден тұрады - "bugin" "as". Мен оның қалай болғанын білмеймін. Адамдардың бәрі ағайын деп айтады ғой. Мүмкін, қандай да бір байланыс бар шығар. Қазақ халқында Сәуле деген сөз – күннің нұры. Ал, литвалықтар үшін Сәуле – күн. Бұл қайдан келді?
Ә. Дүкембаева