Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылорда облысында электр энергиясы шектеумен беріледі

AstanaTV
09.11.2021ж. 20:00
1538
Қызылорда облысында электр энергиясы шектеумен беріледі

Қызылордада кеш болса жарық өшеді.  Жергілікті билік электр энергия тапшылығын шектеумен шешуге мәжбүр. Облысқа қажетті   электр энергиясының 35 проценті жергілікті жерде өндірілсе, қалғаны сырттан алынады.  Негізгі тасымалдаушы Екібастұздағы және Мойнақтағы электр станцияларында қазір өндіріс азайған.  Сондықтан аймақта   күнде кешкісін 3 сағат жарық уақытша сөндірілуде. Бірақ тұрғындар бұған наразы.  

БЛИЦ:  

- Бүкілі қап-қараңғы болып кетті ғой. Даланың да светі өшті, бәрі өшті.Свечи  алатын болдық. Өйткені жағуымыз керек қой бір нәрсе.

- Сөнбеу керек қой, халыққа обал ғой. уйде кішкентай бала бар. Газ да өшіп қалады свет болмағасын.

- Түстен кейін оқитын мысалғы бесінші, үшінші, төртінші сыныптың балалары бар ғой. Оларға қиындау болып қалады енді кешкілік.  


Жауаптылар  шектеудің әлі де жалғасатынын айтады. Себебі – еліміз бойынша электр қуаты жетіспеуде.  Қазір оңтүстік өңірлер бойынша орта есеппен 200 МВ тапшы.  Мәселе үкімет қарауында, бірер аптада жағдай реттеліп қалуы мүмкін дейді құзырлылар.  

Мұхиджан КӘРІМБАЕВ, "ҚЫЗЫЛОРДА ЭЛЕКТР ТАРАТУ ТОРАПТАРЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Жылдың соңына дейін керекті режимде жұмыс істеп шығу үшін 33 млн-дай газ керек. Сол 33 млн газға қазір Қызылорда КазТрансГаз аймақпен келісім шарт қосымша жасалынып,соған жұмыс жасалып жатыр.

Б. Сатуов