Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордада 80 пәтерде жылу жоқ

AstanaTV
09.11.2021ж. 20:00
1689
Елордада 80 пәтерде жылу жоқ

Ал Елордада 80 пәтерлік көпқабатты үйде  жылу  жоқ. Күздің қара суығы басталса да, жауапты мамандар қозғалар емес, дейді тұрғындар . Үйдің пайдалануға берілгеніне 5 жыл болған. Бірақ   мәселе шешімін табар емес. Нысан тіпті орталықтандырылған жылу жүйесіне де қосылмаған. Сондықтан жұрт амалсыздан электр пешін пайдалануға мәжбүр. Ал бұл электр ақысын еселеп жіберді дейді.  Арнамызға шағымданған тұрғындардың жанайқайын тілшіміз Әсел Дүкембаева жеткізеді.

Тұрғындар қарашаның қара суығында дірдектеп отыр. Алматы ауданы Қапал көшесінде орналасқан көпқабатты үйде жылу атымен жоқ. Суық пәтерлерінде бүрсең қағады. Аяла азынаған пәтерінде 3 баласымен тұрып жатыр. Әзірге электрлі жылытқыш пештермен жан бағуда. Айтуынша, баспаналары орталық жылу жүйесіне мүлде қосылмаған.

Аяла ОТАНҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Отопление қосқан жоқ, уже ноябрь болды отопление мүлдем жоқ. Мынандай обгревательдермен отырмыз З  комнатада 3 обогреватель қосып қоямыз, міне балалар уже тоңып бітті. Неге білмеймін ешкім назар салмайды, ешкім мән бермейді.


Бұл осындағы 80 пәтердің мәселесі. Жауаптыларға бара бара шаршаған. Жан айқайларына құлақ асар жан табылмай отырғанына күйінеді.

Батыржан ФАЙЗИЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әкімшілік без действие мына үйдің артында труба жүргізілген, ол труба,біз ойлағанбыз сол трубаны бізге қосатын шығар деп, шамалы қуанып қалдық дегендей сияқты. Ал қазіргі әкімшіліктің жауабы, ол трубаға біз қосылмаймыз, басқа труба әкеледі,бірақ қашан қалай белгісіз.


Мүліктік меншік иесі де мәселені көтеріп талай есікті қаққан. Әкімшілікке де барған, бірақ  қозғалыс жоқ дейді.

Динара СҰЛТАНОВА, МҮЛІКТІК МЕНШІК ИЕСІ ТӨРАҒАСЫ:

Апрельден бері акиматқа да жазып жатырмыз, бүкіл инстаға да, УТЭК-қада жаздық олардан ответ болмай тұр. Күтіп отырмыз, міне қыс келіп тұр, тиеліп тұр бәрі, ешқандай қозғалыс жоқ.

Жауаптылар сұқбат беруге келіспеді. Телефон арқылы берген ақпаратына сенсек, дәл осы тұрғын үй жылу орталығына қосылмайды. Қарашаның соңына дейін газ құбырын тартып, автономды жылуға қоспақшы.   

Мақсат ЕСМАҒҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Бүгінгі күні тұрғындардың  өтініштері бойынша аталған үйдегі газ құбыры салу бойынша жұмыстар жасалды. Аталған мерзім бойынша газды беру біздерде қараша айының соңына дейін жоспарланған.

Әкімдіктегілер мәселені осы айдың соңына дейін шешуге уәде берді. Әбден аузы күйген жұртшылық бұл уәде тек сөз жүзінде қалып қала деп алаңдайды.

А. Дукембаева