Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде енді тауар үшін төленген мобильді аударымдар реттеледі

AstanaTV
10.11.2021ж. 20:00
1256
Елімізде енді тауар үшін төленген мобильді аударымдар реттеледі

Елімізде  мобильді аударымдар   реттеледі. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Сергей Симонов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір кәсіпкерлер тауарлар немесе қызметтер үшін төлем ретінде мобильді аударымдарды жиі пайдаланады. Бірақ кейбіреулері салықтық міндеттемелерін орындамайды, тиісінше айналымды көрсетпейді, кірістерін жасырады, салық төлеуден жалтарады. Сондықтан  мәжілісмен, мобильді қосымшаларды жетілдіру керек деді.

Сергей СИМОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мұнда банктер кәсіпкерлік субъектілері пайдаланатын қаржылық өнімдерін одан әрі жетілдіруі қажет. Яғни бизнес жүргізу үшін шоттарды бөлу, мобильді аударымдармен төлеу кезінде чекті фискализациялау процедурасын жеңілдету, мобильді қосымшаларды жетілдіру керек. Бұл кәсіпкерлер үшін бизнесті жүргізу процедураларын жеңілдетеді және сәйкесінше, салық төлеу кезінде тоқсандық, жартыжылдық есептерді береді. Ал тұтынушылар үшін олардың құқықтары қосымша қорғалады.

Мәселені оңтайландыру   кәсіпкерлерге мобильді аударымдарды реттейтін түзетулер қабылданғаннан кейін  жүзеге асырылады. Яғни банк қосымшаларында жаңа функция пайда болады.

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:


Бұл жерде азаматтық қоғамдық бақылау жұмыс істеуі керек. Тауар немесе қызмет үшін төлеген кезде төлем белгісін қалдыру керек. Қазір мобильді қосымшаны пайдаланудың бір ғана жолы бар - "аударма". Онан бөлек "Төлем" функциясы пайда болуы керек. "Аударымдар"- туыстар арасында, ал "төлемдер"- тауарлар, жұмыс және қызметтер үшін жасалады. Қолма-қол ақшамен, карточкамен төлегендей.


Б. Сатуов