Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматылық алаяқтар банктің өз ішінде отыр деп күдіктенеді

AstanaTV
10.11.2021ж. 20:00
1793
Алматылық алаяқтар банктің өз ішінде отыр деп күдіктенеді

Алаяқтар банктің өз ішінде отыруы мүмкін. Алматылық әріптесіміз Әсем Лесбек осылай деп күдіктенеді.  

Айтуынша банк қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс, бернеше минутта екі банктен 2 миллионға жуық қаражатты несиеге рәсімдеп жіберген. Ал, аты дардай банктің қалайша бірнеше минутта несиені мақұлдағанын ешкім түсіндіре алмай отыр.

Алматылық әріптесіміз Әсем Лесбек алаяқтарға қалай алданып қалғанын білмей дал. Өткен сенбі күні телефонына өзін Әмина Мамырова деп таныстырған бейтаныс адам қоңырау шалған. Банк қызметкері екенін айтқан. Оның атына несие рәсімделіп жатқанын хабарлапты. Бұл алаяқтардың әрекеті екенін айтып, оларды тоқтату үшін айқтандарын бұлжытпай орындауды талап еткен. Тіпті банк қосымшасына кіріп қаражаттарын тексеруді сұраған. Ешнәрседен күдіктенбеген Әсем айтқандарын жасаған. Артынша алаяқтардан қорғаймын деген адам, оның атына екі банктен шамамен 2 миллион теңгеге жуық несие рәсімдеп үлгерген.

Әсем ЛЕСБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Запрос жібердім. Маған одобрение берген жоқ. Халық банк 200 мыңға одобрение берген жоқ. Ал, алаяқтың рәсімдеген 1 млн 267 мыңға одобрение берген. Бұл жерде сонда алаяқтар банктің базасында отыра ма деген де сұрақ. ЭЦП ключқа келетін болсақ, бұл жерде қағаз бойынша басқа біреудің номері, бапсқа да бір штрихкодтар тұр. Тек қана менің аты-жөнім, ИИН-ім тұр. Яғни, басқа адамның номерімен басқа адамның ЭЦП-сымен Халық банк 1 млн 200 мыңды бере салған.

Алматылық, алданғанын кеш түсінген. Ол банктің қалайша бірнеше минутта миллион теңгелік несиені мақұлдағанына аң-таң. Банктің мекемесіне барып, мән-жайды анықтағысы келген. Бірақ ондағылар мәселені шешуге құлықсыз дейді. Әсем алаяқтар банктің өз ішінде деп күдіктенеді.

Әсем ЛЕСБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Барлық мен туралы ақпараттарды жеке ақпараттарымды алаяқтың өзі аузымен айтып берді. Банктің бар айтып отырғаны, олар кез-келген жерден біле салады сіздің аты-жөніңізді, кез-келген нотариустан біле алады, немесе еговтан да біле алады деп. Тек өзіне шаң жутпаудың мәселесі ғой. Қазіргі таңда оларға да арыз жазылды. Бірақ ешқандай іс-қимыл жоқ.   

Банк өкілдері болса, қазір мұндай қылмыс көбейгенін айтады. Әрі жеңіл ақша тапқысы келгендер, адамдардың әлсіз тұстарын тауып, олардан деректерді шағырып ала алады дейді.

Досбол АРЫСТАНБЕКОВ, HALYK BANK АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Банктің қызметкері ешқашан қоңырау соғып сұрамайды. Егер сұраса, ол алаяқ. Бірден тұтқаны қоя салу керек. Әңгімені сол жерден тоқтатқан дұрыс болады. Алаяқтар банктің жүйесіне атака жасап жатқан жоқ, керісінше, клиенттердің әлсіз тұстарын тауып, олардың өздеріне деректеме шығару арқылы алдап жатыр. Осы тарапта айтып өтейін, мобильді қосымшаны қолданса да, банктің картасын қолданса да әрбір ел тұрғыны жауапкершілікті сезіну керек.

Әсем полицияға арыз жазған. Шағым бойынша қазір іс қозғалғалыпты.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Жәбірленуші полицияға қарашаның 6 күні хабарласқан болатын. Алатау аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 190 бабы бойынша көзделген қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда іздестіру шаралары жұргізілуде.


Мәселенің қалай шешілері белгісіз. Полиция әзірге талдап, тергемекші. Сосын кінәлілерді анықтамақ. Департаментің дерегінше жыл басынан бері заңсыз несие рәсімдеу бойынша 400 ге жуық азамат шағым түсірген.
 
Д. Жарқынбек