Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мыңнан аса жоба атқарылуда

AstanaTV
17.08.2017ж. 20:00
2733
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мыңнан аса жоба атқарылуда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынғалы, мыңнан аса жоба атқарылып жатыр. Бұл жайында қоғамдағы түсінікті жаңырту бағдарламасын іске асыру ұлттық комиссиясының отырысында белгілі болды.

Жиын Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өтті. Жобалардың көпшілігін министрліктер мен аймақтардағы әкімдіктер ұсынған. Мәселен, күзге дейін арнайы комиссия қазақ алфавиті негізінде жаңа әліппиді дайындап шығуы қажет. Сондай-ақ,  "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық " жобасы аясында 17 оқулық жарыққа шықпақ. Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев жергілікті кәсіпкерлердің қаржысына Жұбанов үйі бой көтерілетінін жеткізді. Ал Шығыс Қазақстанда қазба жұмыстарына ден қойылмақ.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Біздің Шығыста өркениет құбылысының негізі қаланған. Ол Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары кешенін қалыптастырады. Оған «Ежелгі қазына» және «Шығыс Қазақстан жауһарлары» атты екі жоба кіреді. «Ежелгі қазыналар» жобасы аясында біз жер қойнауындағы қазба жұмыстарымен айналысамыз.