$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада салынған жаңа үйдің шешілмеген мәселесі көп

AstanaTV
11.11.2021ж. 20:00
1664
Елордада салынған жаңа үйдің шешілмеген мәселесі көп

Елордада көпқабатты кешеннің тұрғындары өз үйлерін тастап, өзге жерден пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Себебі, пайдалануға берілгеніне бір жыл да болмаған баспананың кем-кетігі көп. Ең қиыны- жылу жоқ.Кәріздік жүйе дұрыс жұмыс істемейді. Ал көлік тұрақжайы суға толып тұр.   Арнамызға шағымданған жұрттың жанайқайын тілшіміз Динара Жарқынбек жеткізеді.

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

Қаланың қақ ортасындагы жаңа үйде шешілмеген маселе көп. Жылу мардымсыз, үй іші тастай мұз  дейді тұрғындар. Сондай-ақ, кәріз жүйесі тұрғын үй кешенінің маңында орналасқандықтан қысы -жазы терезені аша алмаймыз, сасық иістен демалу мумкін емес дейді. Кәрізден аққан нәжіс мынау өзенге құйылып жатыр. Олар құрылыс компаниясына талай рет  шағымданған, бірақ әлі нәтиже жоқ деп ашуланады.


Нұрила ШӘРІПОВА, ҮЙ ТҰРҒЫНЫ:

Бізде басты проблема түнде паровое отоплениені өшіп қалады, автоматический қосылмайды. Одан кейін паркингта постоянно су кетіп жатады. Бізден шыққан сулар далаға қарай ағып жатыр. Иісі деген сасып жатады. Мына жерде мусор.

"Кәмшат" тұрғын үй кешені  былтыр пайдалануға берілген.   Жаңа үйдің рахатын көреміз деп қуанған пәтер иелерінің қуанышы бірақ ұзаққа бармады.   Кем-кетікті түгендеп шаршап кеттік дейді олар.  Сарыарқаның саршұнақ аязында  жылусыз қалмайық деп, әрбір үйдің иесі  100 мыңнан ақша жинап, түрғын үй кешенін автономды газ жүйесіне қосқан.  Дегенмен, мәселе онымен де шешілмепті. Жылу қайта- қайта өшіп қала беретін көрінеді.     

Бекболат ШЕРНИЯЗОВ, ҮЙ ТҰРҒЫНЫ:

Кірер кезде кілт берілмейді, 100 мың төлемесең деді. Мен 100 мың төледім. Кілтті алдық. Маған айтты, 100 мың төлейсіз. 6 ай коммуналка төлемейсіз деп айтқан. Маған квитанцияға да жазып берді. Коммуналка и газ отопление деп жазып берді. Мен сондықтан коммуналка толемедім, енді олар заставлять етіп отыр. Алдында қалған коммуналканы төлеу керек екен.

Тұрғындар  пәтер иелері кооперативі қызметіне де жарымай жүр. Мыңдаған ақшаны ай сайын талап еткенімен, дым жұмыс істемейді дейді. Аулада тіпті қоқыс жәшігі де жоқ. Тұрғындар бұл КСК-ны құрылыс компаниясы тағайындағанын айтады.  

Бекболат ШЕРНИЯЗОВ, ТҰРҒЫН:

КСК представитель болған соң әрбір ЖК-да КСК представителі отырады. дұрыс па? Мында әлі КСК-ны ешкім көрген жоқ. Любой жительден сұраңыз, кск кім екенін біле ме? білмейді. Танымайды да, көрген жоқ. Келіп официальный представитель болған жоқ. Танысқанда жоқ. Айтқанда жоқ. +КСК бізді қамтамасыз етпейді. Басқа домдарға жұмыспен барсам, дворниктер журеді. Мына көріп тұрғаныңыздай айналаңыздың бәрі мусор.


Қалалық әкімдік те бұл мәселелерден хабардар.  

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ:

Қазіргі таңда әкімдік Есіл ауданында орналасқан "Кәмшат" тұрғын үй кешенінің шешілмеген мәселелерін қарастырып жатыр.


Ал құрылыс компаниясы  жазған хатымызға да, қоңырауымызға да жауап бермеді. Тұрғындар да олармен хабарласа алмай жүрген көрінеді.

Д. Жарқынбек