Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Басқарма төрағасы тоғыз айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Сондай-ақ, жиын барысында, қор әзірлеген Қазақстан экономикасын ілгерілетуге арналған 2022-2031 жылдарды қамтитын Даму стратегиясын мақұлдады. Сонымен қатар, кеңес мүшелері төмен көміртекті дамуға көшу жайын сөз етті. Бұл ретте энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттілігі айтылды. Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде «Самұрық-Қазынаның» 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі ұсынылған жоспарларын қолдады.
А. Данияр