$460.79 €490.51 ₽6.02
×

Сауд Арабиясындағы тағы бір ханзада мерт болды

AstanaTV
17.08.2017ж. 20:00
2823
Сауд Арабиясындағы тағы бір ханзада мерт болды

Патша әулетінде таққа талас қанды айқасқа ұласты. Сауд Арабиясында тақ мұрагері анықталғалы, осымен үшінші ханзада өліп отыр. Бұл жолы басқарушы әулеттің өкілі қаза тапқан. Мұны патшалық сотқа сілтеме жасап, әлемдік ақпарат құралдары жазып жатыр. Алайда, оның неден бақилық болғаны туралы еш жерде ақпарат жоқ. Бұған дейін патша әулетінде екі ханзада марқұм болды. Мамыр айында тақ мұрагерлігін анықтау бағытында қызмет атқарған 91 жастағы ханзада өмірден озды.

Ал тақ мұрагерінің өміріне қастандық жасалды деген ақпарат шыққан кезде 26 жастағы тағы бір ханзада бақилық болды. Ата кетейік, Сауд Арабиясының патшасы шілдеде тақ мұрагерін ауыстырды. Ол Мухаммед бен Наифтың орнына 31 жасар ұлы Мухаммед бен Сальманды тағайындады.

Сауд Арабия патша әулетінің 25 мың өкілі бар. Оның 7 мыңы - ханзада. Олардың әрқайсысының таққа таласуға құқы бар. Тақ мұрагерлігі патша әулеті үшін ауқымды мәселе. Өйткені патша туыстарының барлығы, ханзадалар да мемлекет басқаруға қатыса алмайды.


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах