Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қару-жарақ сақтау мен алып жүру ережелерін бұзудың 2,5 мыңға жуық жағдайы тіркелді

AstanaTV
15.11.2021ж. 20:00
891
Қару-жарақ сақтау мен алып жүру ережелерін бұзудың 2,5 мыңға жуық жағдайы тіркелді

Елде атыс қаруын сақтау және оны алып жүру ережелерін бұзу бойынша, 2,5 мыңға жуық жағдай тіркелген. Ал, заңсыз айналымнан, тіркеуде жоқ 277 атыс қаруы алынды. Мұны ІІМ онлайн брифингте хабарлады. Құзырлылар ел аумағында жалға берілген 72 мыңнан астам пәтерге тексеріс жүргізген. Одан бөлек, шаруа қожалықтары мен қыстақтарды аралаған.

Шұғыла ТҰРЛЫБЕК, ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Нәтижесінде, мемлекеттік кіріс органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 9 мыңға жуық фактісі анықталды. Атыс қаруын сақтау және алып жүру ережелерін бұзудың 2,5 мыңға жуық жағдайы тіркелді. Заңсыз айналымнан тіркелмеген атыс қаруының 277-сі алынды.

Қыркүйек айынан басталған «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы әлі жалғасуда. Полиция белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз келген шетелдіктерді, тыйым салынған заттарды сақтау фактілерін анықтау мақсатында саяжайларды, тұрғын үйлерді, шағын елді мекендерді араламақ. Операция басталғаннан бері 388 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

А. Базарбай