Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ұлттық валюта күні: теңгені тұрақтандыру жолы бар

AstanaTV
15.11.2021ж. 20:00
1539
Ұлттық валюта күні: теңгені тұрақтандыру жолы бар

Төл теңгемізге, 28 жыл толды. 15-ші қараша - ұлттық валюта күні деп, 1993-ші жылы белгіленген еді. Осы жылдар ішінде теңгенің жеткен жетістігі де жоқ емес. Десек те қайтсек валютамызды тұрақтандыра аламыз? Сауалға жауап іздеген әріптесім Динара Жарқынбек, экономисттермен сұқбаттасты. Мамандар, тұрақтандыру жолы бар дейді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Төл теңгеміздің тарихы тереңде. 1993 жылдың 12 қарашасынан басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ұлттық валютаны енгізу туралы» Заңға қол қойған еді. Оның атауын таңдауда да, оңай соқпаған. Валютаны «теңге» демес бұрын, «алтын», «ақша», «сом» нұсқалары қатар ұсынылды.

Алмат БАСЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ БАС ДИЗАЙНЕРІ:

КСРО кезінде, Ресейдің Орталық банкі ақша реформасын жүргізді. Кеңес рублі айналымнан алынды және олар жаңа ресейлік банкноттарға айырбасталды. Ал, бұл бұрынғы Одақ елдеріндегі нарыққа әсер етті, оның ішінде Қазақстан да бар. Баға жылдам өсті, ақша құнсызданды. Бұл гиперинфляцияға және адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкелді. Осылайша, мемлекет өзінің жеке валютасы - теңгені шығаруды қолға алды.

Алғашқы банкноттар Англияда басып шығарылды. Қазақстанға ұшақтармен жеткізілді. Бір аптаның ішінде 18 рейс орындалып, ауыл аймақтарға да дер кезінде таратылып отырды. Қазір жинақталған тәжірибе арқасында банкноттарды Алматыда шығару жолға қойылған. Ал, отандық монеталар Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында шығарылып жатыр.  

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

Бүгін төл теңгемізге 28 жыл толды. Осы жылдар аралығында, бірнеше рет өзгеріп, уақыт талабына сай жаңаланып келеді. Дегенмен күллі қазақтың мақтанышына айналған тұңғыш теңге, әлі ел есінде. Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай және Әбілқайыр мен Абылай хандар бейнеленген теңгелер,   мұражайлардан сақтаулы тұр.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ:

20 тенге- я думаю Абай, всем казахстанцам известен. Он тенге, десять тенге-Шоқан Уалиханов. Я думаю этот человек, исторический известен также всем. Бес теңге, пять теңге- только недавно мы отметили юбилей этого великого человека. Композитор Курмангазы.

Экономистер 28 жыл ішінде теңге біраз қиындықтарды бастан кешірсе де, ұлттық символын жоғалтпағанын мақтаныш етеді. Цифрлық тенгеге айналып, жаңарып жатқаныны соңын дәлелі дейді. Экономист Мақсат Халықтан теңгені тұрақтандыру жолдарын сұрадық.  

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Үкімет пен Ұлттық банктың бірлескен, үндескен жұмысы керек. Үкіметтің көптеген бағдарламалары, қазір жасалған тәп-тәуір бағдарламалары бар. Ол: Бизнесті дамыту- Жол картасы, ол мынау Қарапайым заттар экономикасы, Экономиканы әртараптандыру, индустрияландыру бағдарламалары. Бірақ бұл сөз жүзінде болмау керек. Нақты жүзеге асқанда ғана, біз сырттан ипорттан келіп отырған қарапайым заттарды өзімізде өндіріп бастағанда теңгеміз де құнды бола бастайды.

Қазақстан банкноттары Халықаралық көрмелер мен конкурстарда жоғары бағаланып келеді. 2011-2013 жылдары үш жыл қатарынан, әлемдегі Үздік банкнот деп танылды. Халықаралық валюта қауымдастығы болса, 10 мың теңгелік банкнотты Әлемдегі ең үздік деп жариялаған.  

Д. Жарқынбек