Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Оңтүстік Қазақстанда қаңғыған оқ екі адамды жаралады

AstanaTV
17.08.2017ж. 20:00
3606
Оңтүстік Қазақстанда қаңғыған оқ екі адамды жаралады

Оңтүстік Қазақстан облысында тойда атылған оқ екі адамды жаралады. Оқыс жағдай Ақсукент елді мекеніндегі мейрамхана маңында болған. Бір топ жігіт аспанға бірнеше рет оқ атқан. Алайда оқтың бірі сол жерде тұрған «Бентли» автокөлігіне, одан жанамалап шашыраған бытыра адамдарға тиіптіСалдарынан бірі 65, екіншісі 20 жастағы азаматшалар жарақат алған. Жәбірленушілер аудандық ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен соң үйлеріне қайтарылған.

Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде үш күдікті ұсталды. Олардың екеуі бұрын сотты болған. Тәртіп сақшылары күдіктілердің бірінің үйін тінту барысында 12 калибрлі аңшы шолақ мылтығын, екі травматикалық тапанша және әртүрлі калибрдегі оқтар тәркіледі. Суық қарулар сезіктілердің тағы бірінің көлігінен де табылған.

Мәлік Қайбар, ОҚО Сайрам аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы:

Үш күдікті қазір қамауда. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» және «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.